Жасанды Интеллект Институты

OUR DREAM
YOUR FUTURE

Халықаралық білім. Инновациялық бағдарламалар.
Қос диплом. Кореяда білім алу. 

МАМАНДЫҚТАР:

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті & SeoulTech
4 бірлескен білім беру бағдарламасы (joint degree program) 
2 қос дипломды білім беру бағдарламасы (double degree program) 
Жасанды Интеллект Институты

Data Management

B057 Ақпараттық технологиялар - 6В06103
Қос дипломды білім беру бағдарламасы

Білім алу:

2 жыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті
+
2 жыл Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар Университеті

Мүмкіндіктер:

- Екі халықаралық диплом;
- Жетілдірілген деректерді өңдеу зертханаларында тәжірибе;
- Оңтүстік Кореядағы жоғары технологиялық компанияларда тағылымдамадан өту;
- Деректерді талдау, деректер базаларын басқару және үлкен деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 

Мансап:

Data engineers, Big data analysts, Database architects және жетекші компаниялар мен ғылыми орталықтардың Data management мамандары.

Жасанды Интеллект Институты

AI Architect

B057 Ақпараттық технологиялар - 6В06104
Қос дипломды білім беру бағдарламасы

Білім алу:

2 жыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті
+
2 жыл Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар Университеті

Мүмкіндіктер:

- Екі халықаралық диплом;
- Жетілдірілген деректерді өңдеу зертханаларында тәжірибе;
- Оңтүстік Кореядағы жоғары технологиялық компанияларда тағылымдамадан өту; 
- Бағдарламалау дағдыларын, машиналық оқытуды және AI жобаларын басқаруды дамыту. 

Мансап:

AI system architects, Neural network developers және жетекші компаниялар мен зерттеу орталықтарында Data analysts.

Computer Science

B011 Информатика мұғалімдерін даярлау - 6В01501 Информатика
Бірлескен білім беру бағдарламасы

Мақсаты:

Болашақ информатика мұғалімдерін және жасанды интеллект саласында мамандарды дайындау.

Негізгі пәндер:

- Basic of AI;
- Machine learning;
- Algorithms and data structure;
- Computer vision & NLP.

Мансап:

- Информатика пәні мұғалімі ретінде орта білім беру мекемелерінде жұмыс істеу;
- Жасанды интеллект және машиналық оқыту саласында бағдарламалар әзірлеу.

Жасанды Интеллект Институты

Information Systems

B057 Ақпараттық технологиялар- 6В06101 Ақпараттық жүйелер
Бірлескен білім беру бағдарламасы

Мақсаты:

Ақпараттық жүйелер саласында мамандарды дайындау. Мамандық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату технологияларына негізделген.

Негізгі пәндер:

- Introduction to Artificial Intelligence;
- Machine Learning;
- Data Analysis and Big Data;
- Natural Language Processing (NLP);
- Neural Networks and Deep Learning.

Мансап:

- Ақпараттық жүйелерді басқару;
- Ақпараттық қауіпсіздік;
- Жасанды интеллект қолданысымен дерекқорлар және желілік инфрақұрылыммен жұмыс.

Жасанды Интеллект Институты

Computer Software & Programming

B057 Ақпараттық технологиялар- 6В06102 Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
Бірлескен білім беру бағдарламасы

Мақсаты:

Бағдарламалық қамтамасыз ету және бағдарламалық жасақтама әзірлеу саласында жоғары білікті мамандарды дайындау.

Негізгі пәндері:

- Introduction to Artificial Intelligence;
- Machine Learning;
- Deep Learning;
- Natural Language Processing (NLP);
- AI in Software Engineering.

Мансап:

- Жасанды интеллект интеграциясымен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші;
- Жасанды интеллект саласындағы веб және мобильді қосымшаларды әзірлеуші;
- Жасанды интеллект бойынша инженер.

Жасанды Интеллект Институты

Cybersecurity

B058 Ақпараттық қауіпсіздік - 6В06303 Киберқауіпсіздік
Бірлескен білім беру бағдарламасы

Мақсаты:

Киберқауіпсіздік саласында мамандарды дайындау. Бағдарлама компьютерлік жүйелерді қорғауға, ақпараттық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі пәндер:

- Artificial Intelligence for Cybersecurity;
- Machine Learning in Cybersecurity;
- Deep Learning for Threat Detection;
- Anomaly Detection using AI;
- Automated Incident Response Systems.

Мансап:

- Киберқауіпсіздік аналитигі;
- Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы;
- Желілік қауіпсіздік маманы.

Жасанды Интеллект Институты

НЕГЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫ?

Ағылшын тілінде оқу

Негізгі білім беру тілі - ағылшын. Оқу барысында білім алушылар корей тілін толық үйренеді. 

Заманауи жабдықтар мен зертханалар

Университет заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Зертханалар ЖИ, бағдарламалау және киберқауіпсіздік салаларында озық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық

Студенттер тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Еуропа елдерінде де академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында оқуға мүмкіндік алады.

Қызықты студенттік өмір

Институт әрбір студентке жеке көзқарасты қамтамасыз етіп, тұлғалық дамуын қолдайды. Консультациялар, қосымша сабақтар студенттерге оқу жүктемесімен сәтті күресуге көмектеседі.

Жоғары білікті оқытушылар

SeoulTech-тен келген оқытушылар жыл сайын ағылшын тілінде дәрістер мен семинарлар өткізеді. Біздің оқытушыларымыз жоғары кәсіби деңгейге және халықаралық тәжірибеге ие.

Жұмыспен қамту және мансаптық мүмкіндіктер

Білім алушылар дағдыларының арқасында еңбек нарығында сұранысқа ие. Университет жетекші компаниялар мен ұйымдарда студенттерге тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынады.

Инновациялық білім беру бағдарламалары

Оқу бағдарламалары SeoulTech университетімен бірлесіп әзірленеді, бұл олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Стипендиялар мен гранттар

Студенттер оқуға стипендиялар мен гранттар алу мүмкіндігіне ие, бұл білім алуды қолжетімді етіп, ынталы студенттерді қолдайды.

Жасанды Интеллект Институты

KOREAN LANGUAGE AND CULTURE CENTER

Орталық корей тілін және мәдениетін үйретеді. Корей тілі курстары, мәдени іс-шаралар мен семинарлар өткізіледі. Студенттерге корей тілін меңгеруге және мәдениетімен танысуға таптырмас мүмкіндік.

Жасанды Интеллект Институты

"KYZYLORDA HUB"
BUSINESS-INCUBATION CENTER

Институт білім алушылары білім алумен қатар стартаптар мен инновациялық жобаларын Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторында дамыта алады. Бизнес-инкубатор жобаларды дамытатын бағдарламалар, хакатондар, байқаулар және дағдыларды арттыратын семинарлар ұйымдастырады.

Қабылдау ережелері
Жасанды Интеллект институына түсу шарттары
  • Шекті балл: Талапкер "математика + информатика" таңдау пәндері бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өтіп, шекті балл жинауы тиіс: техникалық мамандықтар үшін – кемінде 50 балл, педагогикалық мамандықтар үшін – кемінде 75 балл.
  • Ағылшын тілі деңгейі: Кемінде IELTS (5.0+), TOEFL iBT (45+), Duolingo (80+) немесе CEFR B1 деңгейіндегі өзге сертификаттар. Егер сертификат болмаса, талапкер университет ұйымдастыратын ішкі емтиханға қатысады.
  • Іріктеу: ҰБТ және ағылшын тілінен жинаған баллдар негізінде рейтинг жасалады. Ең жоғары балл жинаған 40 талапкер қос дипломды, келесі 100 талапкер бірлескен бағдарламаға қабылданады. Балл тең болғанда ағылшын деңгейі ескеріледі.

Мемлекеттік грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде арасында қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:

- Жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме);
-  ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото (6 дана);
- Орта білім туралы аттестат, колледж түлектері үшін диплом (түпнұсқа, көшірме);
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Ведомостан үзінді ("Computer science" білім беру бағдарламасына түсу үшін);

Байланыс:

  • WhatsApp: +7 778 982 69 02
  • Мекен-жай: Қызылорда қаласы,
  • Абай даңғылы, 66

Жасанды Интеллект Институты, 2025-2026 жыл 

Website Building Software